Жалпы тәжірибелік дәрігер бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері:

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  •  халыққа емханада, үйде білікті медициналық көмек қызметін көрсету

  •  халық арасында санитарлық-гигиеналық білімдерін насихаттау жолымен алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, алдын алу екпелерін жүргізу, халыққа алдын алу тексерулерін ұйымдастыру және жыл сайынғы диспансеризациялау жүйесін жетілдіру

  •  аурулар мен өлімді төмендету

Бөлімнің негізгі қызметтері:

  •  бөлім жұмысының негізіне аймақтық-учаскелік үрдіс жатады

  •  бекітілген халыққа қолжетімді, өз уақытында, заманауи, білікті диагностикалық, емдік, оңалту, кеңестік медициналық көмек көрсету

  •  шұғыл жәрдем жағдайында жедел медициналық көмек көрсету, портал бойынша емделушілерді ауруханаға жатқызу

  •  алдын алу сауықтыруына жіберілгендерге іс-шаралар жүргізу

  •  еңбекке қабылетсіздік ауруларын, сырқаты бойынша мүгедектікті төмендету

  •  созылмалы сырқат түрімен ауыратындарды, жүрек-қантамыр сырқаттыларды,бронхкеуде жүйесінде және басқа дерттері бар тұлғаларды диспансеризациялау

  •  созылмалы сырқаты бар науқастарға ТМККК аясында тегін дәрі-дәрмектерге, барлық алғашқы тағайындалған дәрі-дәрмектерге рецептер жазып беру

  •  мақсатты медициналық тексерулерді сапалы жүргізу

  •  жұқпалы аурулары бар тұлғаларды дер кезінде анықтап, госпитализациялау, байланысы бар тұлғаларға қадағалау жасау, алдын алу екпелері мен басқа да індетке қарсы іс-шараларды жүргізу

  •  санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, денсаулық мектептерін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру

  •  әр учаске бойынша халықтың әлеуметтік құрылымын қарастыру және бекітілген халық санағын жүргізу, тұрғындар бойынша ақпараттық база деректерін құру

  •  стационар алмастыру көмегін көрсету

  •  уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және ауруханалық парағын беру, тиісті құжаттарды рәсімдеу және медико-әлеуметтік сараптамаға жолдау

Мәлсова Ботакөз Қуанышқызы

Бөлім меңгерушісі

Телефондары:

+7 (7292) 51 03 11

Бөлім штаттары: