"Қыз-ұлт болашағы " атты кеңес беру шарасы өтті.

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Кеңес алаңы" жобасы аясында қыздарға арналған "Қыз-ұлт болашағы " атты кеңес беру шарасы өтті.

Шараға Мұрын жырау Сеңгірбайұлы атындағы гуманитарлық колледжі, политехникалық колледжі және Маңғыстау энергетикалық колледждің студенттері және Ақтау қалалық №1 емханасының психологы Байманова Маржан, гинеколог Шайюнусова Феруза және СӨСҚ мейірбикесі Ургенчева Эльмира қатысты.

Басқосу кезінде мамандар неке, отбасы құндылықтары туралы сөз қозғады. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында жүктілік фактісінің көрсеткіші ұлғайғанын, оған қоса жасанды түсіктің көбейгенін атап өтті. Сонымен қатар, "Дені сау жанұя-дені сау мемлекет" Ұлттық бағдарламасы шеңберіндегі тақырыптарды түсіндірді.

Шарада 100 - ге жуық жас кеңес алды.
#Кеңесалаңы
#Қызұлтболашағы
#Маңғыстау