«Еркін тыныс ал!» іс шарасы


2019 жылдың 18-28 қараша аралығында «Дүниежүзілік өкпенің созылмалы ауруларына қарсы күрес күніне» орайластырылған «Еркін тыныс ал!» атты іс шара өткізу үшін 28 қараша күні Ақтау қалалық №1 емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде» семинар сабағы өткізілді. Семинардың мақсаты: Жастарға темекінің қаншалықты зиян екендігін түсіндіріп, темекіден бас тартуға шақыру. Семинар барысында жасөспірімдер дәрігерлерден қажетті кеңестерін алып, әр түрлі сұрақ қойылып сұрақтарға толығымен жауап берілді. Құрметпен №1 Ақтау қалалық емханасы